Жолаушыға ескертпей әуе рейсін кейінге шегеретін компанияларға шағымданушылар көбейді, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы.

Депутат Елнұр Бейсенбаев елде рейстер уақытының кешіктірілуін сынға алды. Мысалы, 2020 жылы 51 мыңға жуық рейстің 6 735-і кешіктірілген. Яғни әрбір сегізінші рейс уақытынан кеш ұшады. Ал 2021 жылы 68 700 рейстің 12 800-і кешіктіріліп, әрбір бесінші рейс әуеге уақытында көтерілмеген.

"Көш жүре түзеле ме десек, керісінше борттардың кешігуі екі есе көбейген. Әуе компаниялары әуе рейстерінің кешігуін көбінесе ауа райымен байланыстырады. Алайда өткен жылы кешіккен 13 мыңға жуық рейстің 912-сі ғана осы ауа райының қолайсыздығынан ұша алмаған", – дейді арна тілшісі.


Оқи отырыңыз: Kids Go Free: Сәуірде қандай турларға балаларға билетті тегін алуға болады?


9 045 ұшақ рейсі борттың кешігіп келуіне байланысты уақытында әуеге көтерілмеген. Оның ішінде SCAT пен Qazaq Air әуекомпанияларына тиесілі әрбір төртінші рейс кешігеді.