Қала басшысының айтуынша, "Алтын Орда" көтерме-бөлшек сауда базарын көтерме-тарату орталығына айналдыру жоспары бар. Сонымен қатар, "Барлық" базарының орнында ірі мультимодальды транспорттық-ауыспалы түйін құрылып, ол Батыс автобекетін, LRT станциясын және метро станциясын қамтитын болады.

Сондай-ақ, Райымбек даңғылы бойында 2025 жылға дейін BRT жаңа желісі салынатыны белгілі болды. Қолданыста бар BRT желісі "Шығыс қақпа" орталығына дейін созылып, жаңасы Райымбек даңғылы бойымен жалғасады. 

"2027 жылға қарай Төле би көшесі бойымен жоғары жылдамдықты жеңіл рельсті трамвайды іске қосамыз", – деді қала әкімінің орынбасары Асқар Амрин. 


Оқи отырыңыз: "Алтын Орда" базарындағы заң бұзушылық 1,6 млрд теңгеге бағаланды