Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев емделу үшін 30 желтоқсанда еңбек демалысын алған болатын. Қала әкімі 10 қаңтарда жұмысқа кері шақыртылып алынды. Ол 11 қаңтарда денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парақшасын аштырды. Облыс әкімінің өкімімен Қайрат Оразбаев 14 қаңтар күні өзінің өтініші негізінде Атырау қаласы әкімі қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласы әкімінің міндетін атқару қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражановқа жүктелген.