Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге Кубаның Canal Clave телеарнасы 45 минуттық бағдарлама арнады. Sueno Bonito музыкалық бағдарламасында әншінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы айтылды, деп хабарлады Dimashnews

Бұған дейін де Куба телеарнасынан Димаш Құдайберген бірнеше рет көрсетілген болатын. 2020 жылы мамырда De la gran Escena ("Ұлы сахна") бағдарламасында Adagio әнін шырқады. Ал дәл сол бағдарламада бір жылдан соң Димаштың танымал Olimpico композициясы орындалды.


Оқи отырыңыз: Димаш – миллиард жанкүйері бар адам. Әншінің фанаттары туралы