Сбербанктің Қазақстандағы бұрынғы еншілес банкінің атауы "Береке банк" болып өзгереді. Бұл туралы "Бәйтерек" холдингінің төрағасы Қанат Шарлапаев Shishkin_like Telegram-каналына берген сұхбатында хабарлады.

"Жаңа банк "Береке банк" деп аталады. Қазақша жақсы сөз. Біздің бәріміз оны бір-бірімізге тілейміз. Сондықтан меніңше бұл банк бұған дейін жұмыс істеген және бұдан кейін де жұмысын жалғастыратын құндылықтар мен мүдделерді айшықтайды", – деді Қанат Шарлапаев.

Қыркүйек айының басында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі мен "Сбербанк тобы" Сбердің Қазақстандағы еншілес банкінің барлық акциялар пакетін сату-сатып алу жқнінде мәлімені аяқтаған болатын. Бұдан кейін банкте ребрендинг жүргізілетіні хабарланды.