Qazaq air әуекомпаниясы 15 мамырдан бастап Астанадан Үржарға тікелей әуе қатынасын іске қосады.

Рейстер кесте бойынша аптасына бес рет, жұма және жексенбіден басқа күндері ұшады:

  • Астана (11:55) – Үржар (13:50);
  • Үржар (14:30) – Астана (16:30).

"14 жасқа дейінгі балалар 50% жеңілдікпен ұшады. 5 кг,-ға дейін қол жүгін, 20 келіге дейін жол жүгін алып жүруге рұқсат етіледі.  Ұшу күнін өзгертуге және билеттерді қайтару кезінде комиссия ұсталмайды. Билет бағасының құны бір бағытқа 16 мың теңгені құрайды" – делінген хабарламада.