Шарын және Сайрам-Өгем шатқалындағы қайғылы оқиғадан кейін туристер көп жүретін таулы-шатқалдарда қауіпсіздік күшейтіледі. Мәселен, Алматының тауларында смарт навигатор мен Wi-Fi жүйесі орнатылған нүктелер, құтқару пунктері болады, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Пандемия жағдайында тау сілемдеріне серуендеуге шығатын алматылықтардың саны төрт есеге көбейген. Сәйкесінше, төтенше оқиғалар да жиілеген. Осыған байланысты, саяхаттаушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін туристік бағыттарда 15 уақытша паналау орындары дайындалмақ. Олар шалғайдағы учаскелерде орналасады. Төтенше жағдай кезінде сол орындардағы GPS карта мен навигатордың көмегіне жүгінуге болады. Онда азық-түлік пен алғашқы медициналық көмек жиынтығы болады.

"Мұндай шаралар қайғылы оқиғалардың алдын алады деп үміттенеміз. Шілденің соңы мен тамыздың басына ыстық ауа райы болжанып отыр. Бірақ, жаңбырлы болады. Сондықтан, тауларда сел жүруі мүмкін", – дейді Алматы қаласы туризм басқармасы басшысының орынбасары Мәрлен Маралов.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: