Вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.

"ҚР ҚК-нің 217-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы "Қаржылық инвестициялық пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 1986 жылы туған Қырғызстан Республикасының тумасы Саидбаев Әзімжан Алымжанұлын іздестірудеміз. Бұлтартпау шарасы: күзетпен ұстау", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 10 ақпанда Алматының тергеу соты белгілі вайнерлер Мейіржан Төребаев және Мейірхан Шерниязовқа, сондай-ақ, Әзімжан Саидбаевқа бұлтартпау шарасын санкциялады. Төребаев пен Шерниязов 1 000 АЕК (3 063 000 теңге) кепілмен босатылды. Полиция әлі таба алмаған Саидбаев сырттай екі ай мерзімге қамауға алынды.