Тікелей эфир

17 мамырдан бастап "Әскери баспана" бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталады

Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Сурет depositphotos.com сайтынан алынды
Бағдарламаға қатысуға өтінімдерді қабылдау жаңа онлайн форматта өтеді.

Тұрғын үй төлемдерін алатын әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне арналған бағдарламаға қатысуға өтінім 17 мамырдан бастап онлайн форматта қабылданады. Тұрғын үй төлемдерін алушыларға енді смс күтудің қажеті жоқ. Өтінімді банктің www.hcsbk.kz сайты арқылы беруге болады. Ескере кетерлігі, өтінім тек компьютерден немесе ноутбуктен қабылданады. Ал, мобильді нұсқада бұл функция қол жетімді емес.

Өтінімдерді қабылдау ай сайын жүргізіледі. Сондықтан, егер сіз алдағы 2 айдың ішінде несие алуды жоспарламасаңыз, өтінім беруге асықпаңыз.

"Әскери Баспана" бойынша келесі шарттармен несиеге алуға болады:

8-15

  • несие мөлшерлемесі – 8% (СЖТМ 8,3%-дан бастап), кейіннен несие мөлшерлемесі 3,5%-ға дейін төмендейді;
  • бастапқы жарна – 15%;
  • несиенің максималды сомасы – 45 млн теңге.

Оқи отырыңыз: Тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізілді


6-50

  • несие мөлшерлемесі – 6% (СЖТМ 6,2%-дан бастап);
  • бастапқы жарна – 50%;
  • несиенің максималды сомасы – 90 млн. теңгеге дейін

Егер сіздің депозитіңізде пәтер құнының жартысы болса, сіз пәтерді веб-сайтқа жүгінбей-ақ сатып ала аласыз. Ол үшін сізге несие алу үшін банк бөлімшесіне бару қажет.

Серіктестер жаңалықтары