Тікелей эфир

"Әскери баспана" бағдарламасына құжаттар 11 маусымда қабылданады

Маусым айына лимит – 360 өтінім. 

"Әскери баспана" бағдарламасы бойынша кезекті өтінімдер қабылдау 11 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-де басталады. Маусым айына лимит – 360 өтінім. 

Бұған дейін 17 мамырда бағдарлама бойынша 700 өтінім бір күнде қабылданып, құжат қабылдау уақытынан бұрын аяқталған болатын. Бұл туралы осы жерден оқуға болады.

Өтінімді Отбасы банкінің hcsbk.kz сайты арқылы беруге болады. Ескере кетерлігі, өтінім тек компьютерден немесе ноутбуктен қабылданады. Ал мобильді нұсқада бұл функция қолжетімді емес. Тұрғын үй төлемдерін алушылар енді смс күтпейді.

Арнайы жеке шот пен салым ашу үшін мына құжаттар керек:

  • жеке куәлік;
  • тұрғын үй төлемін алушы туралы анықтама (қызмет атқаратын мекемедегі Тұрғын үй комиссиясы береді);
  • үшжақты келісімшарт (жұмыс беруші береді).

Оқи отырыңыз: Әскери қызметкерлерге баспана беру тәртібі өзгерді


"Әскери баспана" бойынша келесі шарттармен несиеге алуға болады:

8-15

  • несие мөлшерлемесі – 8% (СЖТМ 8,3%-дан бастап), кейіннен несие мөлшерлемесі 3,5%-ға дейін төмендейді;
  • бастапқы жарна – 15%;
  • несиенің максималды сомасы – 45 млн теңге.

6-50

  • несие мөлшерлемесі – 6% (СЖТМ 6,2%-дан бастап);
  • бастапқы жарна – 50%;
  • несиенің максималды сомасы – 90 млн. теңгеге дейін

Егер сіздің депозитіңізде пәтер құнының жартысы болса, сіз пәтерді веб-сайтқа жүгінбей-ақ сатып ала аласыз. Ол үшін сізге несие алу үшін банк бөлімшесіне бару қажет.

Серіктестер жаңалықтары