Тікелей эфир

Әлеуметтік зерттеу: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына сенім деңгейі артып келеді

Зерттеу халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржы сауатының деңгейі мен зейнетақы қорына деген сенім дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілген.

Барлығы 3 мың респонденттен телефон және сауалнама жүргізу арқылы сұхбат алынды. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейін тұрғындар өздерінің қаржылық әл-ауқаттарының негізі төмендегідей көздерден болады деген пікірді ұстанады:

  •  БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы жинақтары – 42,33%;
  •  мемлекеттен берілетін зейнетақы – 21,17%;
  •  БЖЗҚ-дағы жинақтардан басқа да өзге жинақтар – 15,77%.

Жалпы айтар болсақ, зейнетақы қорына деген сенім деңгейі өскен. Сенімнің орташа деңгейі 6,0 балды құрайды. Ең төменгі мәні 1, ең жоғарғы мәні 10 балл, яғни, нәтижелер орташадан жоғары. Мәселен, былтыр бұл көрсеткіш 5,4 балл болған еді.


Оқи отырыңыз: Онлайн зейнетақы калькуляторы. Жинақтан мерзімінен бұрын қанша ақша алатыныңызды есептеңіз


Зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылық дәрежесі базалық және ілгері деңгейлері бойынша талданды. Базалық деңгейдегі білім коэффициенті 62%-ын құрады. Мұнда зейнетақы жарналары мен төлемдерінің түрлері, сондай-ақ қордың функциялары бойынша сұрақтар болды.

 Жетілдірілген деңгейді бағалау үшін Ұлттық Банкінің зейнетақы активтерін басқаруына қатысты функциялары туралы, өз жинақтарын жеке басқарушы компанияларға беру мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын инвестициялау туралы сұрақтарға жауап беру қажет болды. Нәтижесінде ілгері деңгейдегі білімнің жалпы коэффициенті 27,5%-ды құрады, бұл көрсеткіш те былтырғымен (26,9%) салыстырғанда жоғары екенін айта кету керек.

Серіктестер жаңалықтары