Тікелей эфир

"Алматы жастарына" құжат қабылдау 10 наурызда басталады. Тұрғын үй бағдарламасының биылғы шарттары қандай?

Биыл нарықта баспана бағасының шарықтауына байланысты несие сомасы 18 млн теңгеге дейін арттырылды.

10 наурыз бен 31 наурыз аралығында "Алматы жастары 4.0" тұрғын үй бағдарламасына құжат қабылданады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін биыл:

  • қалалық бюджеттен – 14 млрд теңге;
  • "Отбасы банкінен" – 4 млрд теңге бөлінді.

Бағдарламаның негізгі шарттары былтырғыдан айтарлықтай өзгермеген. Дегенмен, оған қатыса алатын мамандықтар тізімі кеңейтілгенін атап өту керек. Бағдармала арқылы енді құқық қорғау органдарының қызметкерлері де баспаналы бола алады. Сондай-ақ, үміткердің лауазымына қатысты талап та жеңілдетілді. Енді осы саладағы мекеменің штаттағы қызметкері болса жеткілікті. Лауазымы маңызды емес. 

Бағдарламаның басты талабы – үміткер жасы 35 жастан (қоса алғанда) аспауы шарт. Әрі олар Алматыда тұрақты жұмыс істеуі тиіс. Құжаттарды almaty-zhastary.kz порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы өткізуге болады.

Негізгі шарттар:

  • Қарыздың ең жоғарғы сомасы – 18 млн теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна – 10%;
  • Жаңа және екінші нарықтағы баспананы алу мүмкіндігі;
  • Баспаналы болатын – 1 000 адам.

Оқи отырыңыз: Тұрғын үй бағдарламалары көбейді. Биыл баспаналы болудың 11 мүмкіндігі


Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

  • Қазақстан азаматтығы;
  • қатысушының жасы: 35 жасқа дейін. Жұбайының (бар болса) жасы есепке алынбайды. Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде ерлі-зайыптылардың тек біреуі ғана қатыса алады;
  • үміткерде және оның отбасы мүшелерінде (жұбайы, балалары) Қазақстан аумағында соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлкінің болмауы шарт;
  • қатысушының ресми жұмыс өтілі: Алматыда кем дегенде соңғы 6 ай, міндетті зейнетақы мөлшерлемесі болуы қажет;
  • Алматыда тұрақты тіркеуі болуы міндет емес.

Бағдарламаға келесі мамандық иелері қатыса алады:

  • денсаулық сақтау саласының қызметкерлері;
  • білім саласының қызметкерлері;
  • мәдениет саласының қызметкерлері;
  • спорт саласының қызметкерлері;
  • ЖОО және ҒЗИ қызметкерлері;
  • әлеуметтік сала қызметкерлері;
  • БАҚ саласының қызметкерлері;
  • құқық қорғау органдарының қызметкерлері.


Оқи отырыңыз: Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады? Нұсқаулық


Алматы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміровтоң айтуынша, өткен жылы резервте тұрған үміткерлердің өтініші биыл қарастырылмайды. Олар пәтер кезегіне қайтадан құжат қабылдауы тиіс. Былтыр 1 000 пәтермен келесі мамандық иелері қамтылды:

  • 316 пәтер – денсаулық сақтау саласының қызметкерлері;
  • 300 пәтер – білім саласының қызметкерлері ;
  • 107 пәтер – мәдениет саласының қызметкерлері;
  • 36 пәтер – спорт саласының қызметкерлері;
  • 129 пәтер – ЖОО және ҒЗИ қызметкерлері;
  • 30 пәтер – әлеуметтік сала қызметкерлері;
  • 68 пәтер – БАҚ саласының қызметкерлері.
Серіктестер жаңалықтары