Тікелей эфир

Білім берудегі теңсіздік: оңтүстік өңірлерде интернет сапасы төмен. Инфографика

Қазақстанда отбасылардың 47 пайызы ғана жоғарғы жылдамдықты интернетке қол жеткізген.

Бұл мәліметтер "Орта Азия елдеріндегі білім теңсіздігінің жаңа қырлары: мәселені зерттеу және білім саясатын өзгерту" жобасы аясында жария болды. Жобаны PaperLab қоғамдық қоры қолға алған. Оның аясында қордың зерттеушілер командасы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан үкіметтерінің білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету жолында қабылдап жатқан шараларының тиімділігі мен рөлін бағалайды.

Қор мәліметінше, Қазақстан мектептеріндегі 1 компьютерге 11 оқушыдан келеді екен. 

Ал жоғарғы жылдамдықтағы интернет болса, тек 47% отбасында ғана бар.

"Шымкенттегі 5 отбасының тек біреуі ғана кеңжолақты сымды интернетке қол жеткізсе, қала мектептеріндегі бір компьютерге шаққандағы оқушы саны – 23. Мұғалімдер мен оқушылардың цифрлы сауатының төмендігі мен тиімсіз оқу жүйесі елдегі білім берудегі теңсіздікті одан ары үдетті. Дүниежүзілік банк бағалауы бойынша, қауіпті жағдайларда аз қамтылған, алыс аудандардағы, ерекше күтімді қажет ететін топтар қалды. Қазақстандағы және аймақтағы білім беру мен теңсіздік жайлы айтқанда сарапшылардың жағдайды сараптау және ынтамақтастық негізіндегі пікірлері толыққанды қамтылмайды" делінген қор таратқан ақпаратта.  

Жоба аясында әр елдегі сарапшылар постпандемия өтпелі кезеңіндегі мықты және әлсіз тұстарды анықтай отырып, аймақтағы экономикалық теңсіздік пен білім берудегі қолжетімділіктің байланысы жөніндегі пікірталасты арттырады деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ, білім берудегі теңсіздік индексі әдіснамасын жасау жоспарланған. Ол аймақ елдерін бір-бірімен салыстыруды ғана емес, артта қалған салаларды анық көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шешім қабылдайтын тұлғалардың назарын аталмыш проблемаға аудартуға тырысады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары