Тікелей эфир

"Дюна", "Өрмекші адам", "Белфаст". Биыл "Оскар" жүлдесін кімдер алады?

94 "Оскар" жүлдесінің жеңімпаздары 27 наурызда белгілі болады.

Американың кинематография өнері мен ғылымы академиясы 23 аталым бойынша "Оскар" жүлдесіне үміткерлерді жариялады. Режиссер Джейн Кэмпионның "Иттің билігі" фильмі 12 номинацияға ұсынылып, фильмдер арасында көш бастап тұр. Netflix платформасына шыққан бұл драма "Үздік фильм", "Үздік режиссер" аталымы бойынша да басты үміткер. Одан кейінгі орында – 10 номинацияға іліккен "Дюна" фильмі. Ал "Батыс жақтағы оқиға" және "Белфаст" жеті аталым бойынша "Оскардан" үмітті. 

Үздік фильм

  • "Белфаст" 
  • "CODA"
  • "Жоғары қарама" (Don't Look Up)
  • "Көлігімді айда" (Drive My Car)
  • "Дюна"
  • "Король Ричард"
  • "Қызылмия пицца" (Licorice Pizza)
  • "Сұмдық аллеясы" (Nightmare Alley)
  • "Иттің билігі" (The Power of the Dog)
  • "Батыс жақтағы оқиға" (West Side Story)

 Үздік режиссёр

  • Кеннет Брана ("Белфаст")
  • Рюсуке Хамагути ("Көлігімді айда")
  • Пол Томас Андерсон ("Қызылмия пицца")
  • Джейн Кэмпион ("Иттің билігі")
  • Стивен Спилберг ("Батыс жақтағы оқиға") 
Джейн Кэмпион "Иттің билігі" фильмінің түсірілімінде

Үздік актриса

  • Джессика Честейн ("Тэмми Фэйдің көзі")
  • Оливия Колман ("Жоғалған қыз", The Lost Daughter)
  • Пенелопа Крус ("Параллель аналар", Parallel Mothers)
  • Николь Кидман ("Рикардо рөлінде", Being the Ricardos)
  • Кристен Стюарт ("Спенсер") 
Кристен Стюарт Диана ханшайым рөлінде

Оқи отырыңыз: "Оскар" жүлдесін алған ең үздік 20 анимациялық фильм


Үздік актер

  • Хавьер Бардем ("Рикардо рөлінде")
  • Бенедикт Камбербэтч ("Иттің билігі")
  • Эндрю Гарфилд ("Тик-так, БУМ!")
  • Уилл Смит ("Король Ричард")
  • Дензел Вашингтон ("Макбет трагедиясы", The Tragedy of Macbeth) 
Уилл Смит "Король Ричард" фильмінде теннисші Уильямстардың әкесінің рөлін сомдайды

Екінші пландағы үздік актриса

  • Джесси Бакли ("Жоғалған қыз")
  • Ариана ДеБос ("Батыс жақтағы оқиға")
  • Джуди Денч ("Белфаст")
  • Кирстен Данст ("Иттің билігі")
  • Онжаню Эллис ("Король Ричард")
Ариана ДеБос "Батыс жақтағы оқиға" фильмінде

Екінші пландағы үздік актер

  • Киран Хайндс ("Белфаст")
  • Трой Коцур ("CODA")
  • Джесси Племонс ("Иттің билігі")
  • Дж.К Симмонс ("Рикардо рөлінде")
  • Коди Смит-Макфи ("Иттің билігі")
Дж.К. Симмонс "Рикардо рөлінде" фильмінде

Үздік анимациялық фильм

  • "Энканто"
  • "Қашу" (Flee)
  • "Лука"
  • "Митчеллдер машиналарға қарсы" (The Mitchells vs. the Machines)
  • "Райя мен соңғы айдаһар" (Raya and the Last Dragon)

Үздік халықаралық толықметраж фильм

  • "Көлігімді айда" – Жапония
  • "Қашу" – Дания
  • "Құдайдың қолы" (The Hand of God) – Италия
  • "Лунана: Як сыныпта" Lunana: A Yak in the Classroom – Бутан
  • "Әлемдегі ең нашар адам" (The Worst Person in the World) – Норвегия 

Үздік бейімделген сценарий

  • Сиан Хедер – "CODA"
  • Рюсукэ Хамагути, Такамаса Оэ – "Көлігімді айда"
  • Дени Вильнёв – "Дюна"
  • Мэгги Джилленхол – "Жоғалған қыз"
  • Джейн Кэмпион – "Иттің билігі"

Үздік түпнұсқа сценарий

  • Пол Томас Андерсон – "Қызылмия пицца"
  • Кеннетт Брана – "Белфаст"
  • Адам МакКей – "Жоғары қарама"
  • Зак Бэйлин – "Король Ричард"
  • Йоаким Триер, Эскиль Вогт – "Әлемдегі ең нашар адам"

Үздік деректі фильм

  • "Аттика"
  • "Ғибадат" (The Rapture)
  • "Қашу"
  • "Жанның жазы" (Summer of Soul)
  • "Отпен жазу" (Writing with Fire)

Үздік операторлық жұмыс

  • Эри Вегнер – "Иттің билігі"
  • Брюно Дельбоннель – "Макбет трагедиясы"
  • Дан Лаустсен – "Сұмдық аллеясы"
  • Грег Фрейзер – "Дюна"
  • Януш Камински – "Батыс жақтағы оқиға"

Үздік вижуал эффектілер

  • "Еркін жігіт" (Free Guy)
  • "Дюна"
  • "Өлетін кез емес" (No Time To Die)
  • "Шан-Чи және он он сақина аңызы" (Shang-Chi and The Legend of The Ten Rings)
  • "Өрмекші адам: Үйге қайтар жол жоқ (Spider-Man: No Way Home)

Үздік монтаж

  • "Дюна"
  • "Жоғары қарама"
  • "Король Ричард"
  • "Тик-так... БУМ!"
  • "Иттің билігі"

Үздік дыбыс

  • "Белфаст"
  • "Дюна"
  • "Өлетін кез емес"
  • "Батыс жақтағы оқиға"
  • "Иттің билігі"

Үздік түпнұсқа саундтрек

  • "Жоғары қарама"
  • "Иттің билігі"
  • "Дюна"
  • "Энканто"
  • "Параллель аналар

Үздік анимациялық қысқаметраж фильм

  • "Өнер ісі" (Affairs of the Art)
  • "Бестия" (Bestia)
  • "БоксБалет"
  • "Робин"
  • "Әйнек жуушы" (The Windshield Wiper)

Үздік қысқаметраж фильм

  • "Алып қашу" (Ala Kachuu — Take and Run)
  • "Көйлек" (The Dress)
  • "Қимай қоштасу" (The Long Goodbye)
  • "Жадымда" (On My Mind)
  • "Күте тұр" (Please Hold)

Үздік қысқаметраж деректі фильм

  • Audible
  • "Үйге апар" (Lead Me Home)
  • "Баскетбол патшайымы" (The Queen of Basketball)
  • "Беназирге арналған үш ән" (Three Songs for Benazir)
  • "Біз бұзақы болғанда" (When We Were Bullies)

Үздік қоюшы-суретші

  • "Дюна"
  • "Сұмдық аллеясы"
  • "Иттің билігі"
  • "Макбет трагедиясы"
  • "Батыс жақтағы оқиға"

Үздік костюм дизайны

  • "Сұмдық аллеясы"
  • "Круэлла"
  • "Дюна"
  • "Батыс жақтағы оқиға"
  • "Сирано"

Үздік бет әрлеу және шаш үлгісі

  • "Gucci үйі" (House of Gucci)
  • "Дюна"
  • "Круэлла"
  • "Америкаға келу" (Coming 2 America)
  • "Тэмми Фэйдің көзі" 

Үздік ән 

  • "Be Alive" – "Король Ричард"
  • "Dos Oruguitas" – "Энканто"
  • "Down To Joy" – "Белфаст"
  • "No Time To Die" – "Өлетін кез емес"
  • "Somehow You Do" – "Төрт жақсы күн" (Four Good Days)

Серіктестер жаңалықтары