Тікелей эфир

Евровидение-2021: ән байқауында финалға шыққан елдердің өнер көрсету тәртібі анықталды

Гранд-финал 23 мамырда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 1.00-де басталады.

Еуропалық хабар тарату одағы мен голландиялық хабар таратушылар "Евровидение-2021" байқауының финалында елдердің өнер көрсету тәртібін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды ұйымдастырушылардың сайты.

Әртістердің сахнаға шығу кезегін анықтау кезінде продюсерлер барлық ықтимал факторларды – музыкалық жанрдан бастап, реквизиттердің қол жетілімдігі мен әннің қарқынына дейін ескеретіндігі атап өтілді.

Музыкалық композициялар әндердің әрқайсысы өзінше ерекшелене алатындай етіп бөлінеді.

Байқаудың финалында қатысушылар келесі тәртіпте сахнаға шығады:

1. Кипр Elena Tsagrinou – El Diablo

2. Албания Anxhela Peristeri – Karma

3. Израиль Eden Alene – Set Me Free

4. Бельгия Hooverphonic – The Wrong Place

5. Ресей Манижа – Russian Woman

6. Мальта Destiny – Je Me Casse

7. Португалия The Black Mamba – Love Is On My Side

8. Сербия Hurricane – Loco Loco

9. Ұлыбритания James Newman – Embers

10. Грекия Stefania – Last Dance

11. Швейцария Gjon’s Tears – Tout l’Univers

12. Исландия Da∂i Freyr og Gagnamagni∂ – 10 Years

13. Испания Blas Cantó – Voy A Querdarme

14. Молдова Natalia Gordienko – SUGAR

15. Германия Jendrik – I Don’t Feel Hate

16. Финляндия Blind Channel – Dark Side

17. Болгария Victoria – Growing Up is Getting Old

18. Литва The Roop – Discoteque

19. Украина Go_A – Шум

20. Франция Barbara Pravi – Voilà

21. Әзірбайжан Efendi – Mata Hari

22. Норвегия TIX – Fallen Angel

23. Нидерланды Jeangu Macrooy – Birth of a New Age

24. Италия Måneskin – Zitti E Buoni

25. Швеция Tusse – Voices

26. Сан-Марино Senhit – Adrenalina


Оқи отырыңыз: Роттердамда Евровидение басталды. Шараға қатысушылар арасынан коронавирус анықталды


"Евровидение" байқауы биыл Роттердамда (Нидерланды) өтуде. Оған 39 елдің өкілдері қатысуда.

Серіктестер жаңалықтары