Тікелей эфир

Ипотеканы қалай қайта қаржыландыруға болады?

Биылғы 27 сәуірден бастап Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізілген.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Fingramota Online мобильдік қосымшасына түскен бірқатар сұрақтарға жауап ұсынды. Кезекті сұрақтардың бірі ипотеканы қайта қаржыландырумен байланысты.

Сұрақ: Мен халықтың әлеуметтік осал тобына жататын мүгедек баланың қамқоршысымын . Менің ипотекалық қарызым бар, ипотекаға пәтер алдым. Қазіргі уақытта төлей алмай жатырмын. Не істеуге болады?    

Жауап : Ипотекалық қарыз алушыларды қолдау, олардың борыш жүктемесін төмендету және жалғыз баспанасын сақтау үшін  2015 жылдан бастап Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарлама 2004-2009 жылдардағы қарыздарды, сондай-ақ,  2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген шетел валютасындағы қарыздарды қайта қаржыландыруға бағытталған.

2021 жылғы 27 сәуірден бастап Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізілді, оларға сәйкес қаржылай қолдау шаралары кәмелетке толмаған және/немесе мүгедектігі бар адамдардың заңды өкілдері болып табылатын ипотекалық қарыз алушыларға, сондай-ақ тәрбиесінде (қамқорлығында) ХӘОТ мәртебесіне ие адам бар және еңбекке қабілетсіз адамдарды ұстауға, емдеуге жұмсалатын шығыстары бар қарыз алушыларға қосымша көрсетілетін болады. Қамқорлыққа алу 2021 жылғы 1 қаңтар бойынша расталуға тиіс.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасының талаптарымен Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан  танысуға болады. Бағдарлама шеңберінде ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру үшін Сізге өзіңіздің кредитор банкке өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіну қажет.


Оқи отырыңыз: 


 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары