Тікелей эфир

7-20-25 және "Баспана хит" бағдарламалары бойынша төлем мерзімі 90 күнге ұзартылды

Төлемді кейінге қалдыру туралы өтініштер 2022 жылдың 4 сәуіріне дейін қабылданады.    

Төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен қарыз алушыларға 7-20-25 және "Баспана хит" ипотекалық бағдарламалары бойынша айыппұл мен өсімпұл есептемей, 2022 жылдың 5 қаңтардан бастап 90 күнге дейін төлемді кейінге қалдыру ұсынылды, деп хабарлайды "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ басқармасының баспасөз қызметі. 

"Қазақстан Республикасы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы бұйрығымен төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі бекітілді. 7-20-25 және "Баспана хит" ипотекалық бағдарламалары бойынша төлемді кейінге қалдыру осы тәртіп шеңберінде қолданылады. Тәртіпке сәйкес банктер төлемдерді 2022 жылғы 5 қаңтардан 5 сәуірге дейінгі кезеңге кейінге қалдыруды ұсынады", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Қазақстан құрылысшылар одағы: Биыл тұрғын үй бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін


Төлемді кейінге қалдыру қарыз алушының несие тарихына әсер етпейді. Аталған мүмкіндікті иелену үшін қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, банкке еркін түрде өтініш білдіру керек. Өтініш электрондық поштаның, "банк-клиент" онлайн-жүйесінің, интернет-ресурстың, мобильді қосымшаның, басқа да байланыс құралдарының көмегімен немесе қарыз алушының банк бөлімшесіне келуі арқылы беріледі. Өтініштерді қарастыру мерзімі 10 жұмыс күнін құрайды.

Төлемді кейінге қалдыру туралы өтініштер 2022 жылғы 4 сәуірге дейін (қоса алғанда) қабылданады.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары