Тікелей эфир

Алматы әуежайы қайта іске қосылды

Алғашқы жолаушылар "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағытында сапар жасады.

Алматы әуежайынан алғашқы жолаушылар сапар шекті Алматы әуежайы жұмысын қалпына келтіргеннен кейін алғашқы жолаушылар Алматы – Нұр-Сұлтан бағытында сапар шекті. Ішкі және халықаралық рейстер әуе компанияларының ұшу кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін жүзеге асырылатын болады.

Фото: ҚР ИИДМ

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан – Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша келесі рейстерді орындау жоспарланып отыр:

Эйр Астана

  • KС-601 Алматы (10-40) – Нұр-Сұлтан (12-25)
  • Нұр-Сұлтан (13-25) – Алматы (15-05)
  • KС-609 Алматы (16-10) – Нұр-Сұлтан (17-55)
  • Нұр-Сұлтан (18-55) – Алматы (20-35)

SCAT DV-713

  • Алматы (12-00) – Нұр-Сұлтан (13-40)
  • DV-714 Нұр-Сұлтан (14-40) – Алматы (16-05)

Qazaq Air IQ-353

  • Алматы (06-55) – Нұр-Сұлтан (08-55)
  • IQ-354 Нұр-Сұлтан (09-35) - Алматы (11-25)
Серіктестер жаңалықтары