Тікелей эфир

Алматыдағы "Алтын Орда базары" ЖШС таратылды

Сот құжатына сәйкес, ЖШС ұзақ уақыт бойы салық заңнамасында көзделген міндеттемелерді орындамаған.

Желіде тоғыз жылдан астам уақыт бұрын ашылған "Алтын Орда базары" ЖШС-ның таратылғаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлады  Sputnik Қазақстан агенттігі. 

Заңды тұлғалардың сенімділігін тексерумен айналысатын pk.adata.kz сайтының ақпаратына сүйенсек, “Алтын Орда базары” ЖШС 2012 жылдың шілде айында құрылған. Ол тауарлардың кең ассортиментін ешқандай нақтылаусыз көтерме бағада сатумен айналысқан.

Кәсіпорынның заңды мекен-жайы: Қарасай ауданы, Алматы - Бішкек автожолының 15-ші шақырымы (солтүстік жағы).


Оқи отырыңыз: Ет бағасы екі аптада 200 теңгеге қымбаттады


Қазақстанның сот базасындағы ақпаратқа сәйкес, 2021 жылдың қараша айында Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында сот отырысы өткен. Сотта Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің Қарасай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы талапкер болған. 

Салық қызметкерлері соттан Әлпиев Данияр Алтынбекұлы басшылық ететін "Алтын Орда базары" ЖШС-ын мәжбүрлеп таратуды сұраған. 

Сот құжатына сәйкес, ЖШС ұзақ уақыт бойы салық заңнамасында көзделген міндеттемелерді орындамаған.

Сот талап арызды қанағаттандыруға шешім қабылдады. Компания өкілі сот отырысына қатысқан жоқ. Pk.adata.kz. ақпараты бойынша "Алтын Орда базары" ЖШС 2022 жылдың 24 қаңтарында таратылды.

Алайда, Алматы облысы әкімдігінің мәлімдеуінше, бұл серіктестіктің қазіргі "Алтын Орда" базарына қатысы жоқ.

Айта кетейік, "Алтын Орда" - Қазақстандағы ең ірі көтерме сауда базарларының бірі. БАҚ-тың хабарлауынша, оның жалпы ауданы 180 мың шаршы метрді құрайды. Ірі сауда нысаны 2012 жылдан бастап жұмыс істейді.

Серіктестер жаңалықтары