Тікелей эфир

Ақмола шаруалары көктемгі егіс жұмыстарын тоқтатпақ

Олар жергілікті шаруа қожалығының үстінен шағымданып отыр.

Ақмола облысында жүзге жуық үлескер "Есіл агро" серіктестігінен өздеріне тиесілі жайылым мен егіндік алқабын 15 жылдан бері қайтара алмай жүр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

"Есіл агро" серіктестігі соңғы 20 жылдан бері 5 ауылдың 20 мың гектар алқабын иемденіп отыр. Шаруалардың айтуынша, жергілікті шаруа қожалығы жерді банкке кепілдікке қойып, қаржы алады. Бірақ, бұл туралы үлескерлер жақында ғана естіген. Бұдан бөлек, шаруашылық жыл сайынғы егіннен берілетін 10 пайыздық пайды бермей, жұмысшылардың жалақысын да төлемеген. Амалы таусылған пайшылар енді шаруа қожалығының көктемгі егіс жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр.

"Жалақыны кешіктіріп төлейді. Қыстыгүні қара суықта 1 ай жұмыс істеп, 38 мың теңге алдым. Зейнетақы жарналарын бір жыл аудармады", – дейді жұмысшы Ақылбай Шәріпов.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда күзде ұн тапшылығы бола ма?


Пайшылармен кездесуге келген "Есіл агро" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Самат Ескендіров барлық мәселе жуық арада шешілетінін айтып, сөзді қысқа қайырды.

"Жағдай ертең емес, бірақ осы жартыжылдықта дұрысталады. Оған барлық күш-қаражатымызды салып жатырмыз", – деді "Есіл" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Самат Ескендіров.

Серіктестер жаңалықтары