Тікелей эфир

Астана кәсіпкерлері қазақ тілін тегін меңгере алады

Бір айлық курс 24 сабақтан тұрады.

Астана әкімдігі кәсіпкерлерге қазақ тілін оқыту бойынша тегін қарқынды курстар ұйымдастырады, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Бұл туралы елорда кәсіпкерлерінің "Тіл туралы" заң талаптарын сақтауына арналған онлайн конференция барысында Астана қаласы тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Молдабаева мәлімдеді.

Курс бір айға есептелген және 24 академиялық сағаттан тұрады.

Қатысу үшін кәсіпкерлер қатысушы санын көрсете отырып, өтінім беруі қажет. Курс ұйымның орналасқан жерінде өтуі мүмкін.


Оқи отырыңыз: 


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары