Тікелей эфир

"Асыл арман" ТК маңындағы жолайрық құрылысы қашан аяқталады?

Қазіргі таңда мердігерлік ұйыммен шарт бұзылып, өндірістік жұмыстар түгел тоқтап тұр.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы "Асыл Арман" тұрғын үй кешені маңында эстакада салумен айналысқан мердігер ұйыммен шарт міндеттемелерін орындалмауына байланысты шартты бұзған. Қазір барлық өндірістік жұмыс тоқтаған. Енді құрылысты 2022 жылдың аяғына дейін аяқтау үшін жаңа мердігерді анықтауға конкурс өткізіледі.

"Алматы-Бішкек" тас жолының "Алтын Орда" базары ауданындағы бөлігін күрделі жөндеу жобасын жүзеге асыру барысында "Асыл-Арман" тұрғын үй кешенінің тұрғындары қалаға шыққанда және кері қайтқанда тек айналма жолдармен қатынауға мәжбүр" делінген ұлттық компанияның хабарламасында.

Айта кетейік, бұл эстакада "Алтын Орда" жобасына кірмейді. "Асыл Арман" тұрғын үй кешені тұрғындарының Алматы қаласына қарай кедергісіз шығуы үшін "Алматы-Бішкек" автожолында "құбыр" үлгісіндегі жолайрық және Райымбек ауылына бұрылыстағы қосымша жаяу жүргіншілер көпірін салу үшін жеке жоба әзірленіп, олардың құрылыс-монтаждау жұмыстары 2020 жылы басталған болатын. Жолайрықтың жалпы ұзындығы – 264 метр.


Оқи отырыңыз: Құрылысы үш жылда бітпеген үш жолайрық: 145 жер телімі әлі босатылмаған


 

Серіктестер жаңалықтары