Тікелей эфир

Биыл Қазақстанның 4 мыңнан астам азаматы ипотекасын өтей сала жаңасын рәсімдеген

Өткен жылмен салыстырғанда сатып алу және сату келісімшарттарының саны 370 мыңға артық болды.

8 ай қорытындысы бойынша, Қазақстанда жалпы 1,2 трлн теңгеге 97,2 мың келісімшарт рәсімделді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай көп: берілген несие көлемі – 62%, ал олардың көлемі екі есе өсті. Мұнымен қатар, биыл 4,1 мың қазақстандық алған ипотекалық қарызын жапқан соң, бірден екіншісін алған, деп хабарлайды #FCBAnalytics сараптау орталығы. 

Сарапшылар мәліметінше, 2021 жылдың 8 айының қорытындысына сәйкес, сатып алу және сату келісімшарттарының саны 370 мыңға артық болды. Бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1 есе көп. Республиканың барлық өңірінде дерлік бір айда тұрғын үй сату рекорды жаңарды. Кейбіреуінде, тіпті, бірнеше есе жаңарған. 

Бұған қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы ақшасын пайдалануға мүмкіндік алғаны сөзсіз себеп болып отыр. 2021 жылдың ақпан-тамыз айларында БЖЗҚ-дан жеке тұлғалардың шотына 1,76 трлн теңге аударылды. Осы соманың 70%-ы үй сатып алуға, 10%-ы ипотека алуға жұмсалды. 

Халық зейнетақы қорындағы ақшасын пайдаланып қана қоймай, мұнымен қатар, ипотека алды. Үй заемдарының көлемі 2020 жылдың екінші жартысынан бастап өсе бастаған еді. 2021 жылы да көрсеткіш өсті. Жалпы қазақстандықтар бар қарызын өтеуден гөрі, көбірек тұрғын үй заемдарын рәсімдейді. 

Нарыққа түскен зейнетақы жинағындағы ақша несие беру ұйымдарының рөлін төмендетті. Қазір қазақстандықтар үй сатып алуға жетпеген ақшаны несиеге алмай, зейнетақы жинағындағы ақшаға жүгінеді. Мысалы, 2020 жылы ипотека көмегімен 35,9% келісім рәсімделсе, 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында олардың көлемі 26,3% қысқарды.  

Серіктестер жаңалықтары