Тікелей эфир

"Біз ашықпыз": Бұрынғы McDonald's мейрамханаларының бесеуі қайта жұмысын бастады

Меншік иесі бренд атауын алдағы уақытта таныстырады.

McDonald's брендімен жұмыс істеген мейрамханалар бүгіннен бастап қайта ашыла бастады. Food Solutions KZ ЖШС мейрамханалардың әзірге атауы болмайтынын, алайда алдағы уақытта жаңа брендті таныстыратынын хабарлады.

Компанияның ақпаратынша, бастапқы кезеңде Алматыдағы 5 мейрамхана ашылады. Мейрамханалардағы барлық қызметкерлердің жұмыс орны, жалақысы және басқа да еңбек шарттары толық сақталады.

"Бұл — біздің компания өміріндегі жаңа кезең. Біз қонақтар үшін әр қалада орналасқан мейрамханалардың есігін біртіндеп ашпақпыз. Біз қоғамдық тамақтану индустриясындағы көшбасшылық позициямызды сақтап қалуды көздейміз. Бізге  қолдау көрсеткен қызметкерлерімізге, серіктестерімізге және мемлекеттік органдарға шынайы алғысымызды білдіреміз. Әзірге мейрамханалар атаусыз ашылады, жақын арада біз жаңа атымызды жұртшылыққа таныстырамыз", – деді Food Solutions KZ ЖШС Бас директоры Әсет Машанов.


Оқи отырыңыз: "Фаст-фудтың денсаулыққа пайдасы шамалы". Үкімет басшысы McDonald's туралы пікір білдірді


Бүгін Алматыдағы келесі мейрамханалар жұмысын бастайды:

  • Алатау, Төле би көшесі, 41, (Қонаев көшесінің қиылысы);
  • MEGA Alma-Ata, Розыбакиев көшесі, 247а;
  • Байқоңыр, Мұстафин көшесі, 5а;
  • Бұқар Жырау, Минин көшесі, 14/1 (Бұқар Жырау - Байтұрсынов);
  • Динамо, Шевченко көшесі, 85 А (Сейфуллин даңғылының қиылысы).

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары