Тікелей эфир

Елорда көшелерінде түкіргендерге айыппұл салынбақ. Олар камера арқылы анықталады

Әзірге бұл жоба көлік жүргізушілерге қатысты. Камералар көлік номері арқылы тіркейді.

Елордада жерге түкіруге тыйым салынып, түкірген адамға қолданылатын жазаны қатаңдату ұсынылды. Бұл туралы қалалық мәслихат отырысында айтылды.

Енді көшеде түкірген адамдарды бейнебақылау камералары арқылы анықтап, жауаптқа тарту көзделген. Тәртіп бұзушылар көлік нөмірі бойынша анықталады. 

"Көшеде және қоғамдық орындарда түкіру ерсі көрініп қана қоймай, түрлі бактериялардың таралуына әкелуі мүмкін", – деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар көшеде, қоғамдық орындарда қоқыс тастауға тыйым салынады. Тәртіп бұзушыларға әкімшілік айыппұл салынады. 

Осындай жағдайға куә болған тұрғындар құқық қорғау органдарына жүгіне алады, сөзін растау үшін фото немесе видеоның қоса беру қажет.


Оқи отырыңыз: Бактерия – "бізден", вирус – "сізден"


 

Серіктестер жаңалықтары