Тікелей эфир

Елордада 2023 жылы Бейбітшілік пен келісім саябағы ашылады

Саябақ ішінде «Өмір ағашы» монументі бой көтереді.

Бейбітшілік пен келісім саябағы Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл өзенінің бойында салынады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жобаның негізгі идеясы - "Өмір ағашы" монументі. Бұл құрылыс күмбез түрінде жасалады, оның ортасына жапырақты ағаш – емен ағашын орналастыру жоспарлануда. Ағаш спиральмен және үйлесімді субұрқақпен – су бетімен қоршалады.

Саябақ эскизі. Фото: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор идеясына сәйкес, ғасырлар бойы тамыры тереңде жатқан су мен өмір ағашы жер бетіндегі тіршіліктің нақты бейнесін айшықтайды. Осылайша, инсталляция барлық конфессиялардың келісімге, бейбітшілік пен достыққа шақыруын білдіреді. Күмбез өз кезегінде бір аспан астындағы әлемді бейнелейді. Онда 4 негізгі нүктені – Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығысты білдіретін 4 кіру аймағы болады. 

Күмбез қабырғаларында Дүниенің жаратылуын, Қазақстан тарихындағы оқиғаларды көрсететін бейнелер, сондай-ақ қазіргі заманға үндеу ретінде еліміздің аумағында табылған әйгілі ежелгі жартас суреттері – петроглифтер салынады. Ағаштың айналасындағы спираль аспанды (күмбезді) және жерді (су бетін) байланыстырады, осылайша әлемнің нәзіктігі туралы идеяны жеткізеді.

"Өмір ағашы" монументі. Фото: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі делегациялары басшыларының саны бойынша "Өмір ағашы" монументінің айналасына 50-ден астам жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызылады. Шара делегаттары да тұтас концепция негізінде орталық ағаштарын отырғызуға қатысады. Ағаштардың жанына саябақ іргетасының қойылған күні жазылған ескерткіш тақталар орнатылады.

Саябақтың құрылысын аяқтап, пайдалануға беру 2023 жылға жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары