Тікелей эфир

Елордада Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш қойылды

Ескерткіш Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының алдында орнатылды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайының алдында Олимпиада чемпионының ескерткіші қойылды. Салтанатты шараға Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов қатысты.

Жекпе-жек сарайы 2019 жылы ашылса, 2020 жылдың соңында оған Жақсылық Үшкемпіровтың есімі берілген болатын.

Фото Дәурен Бабамұратовтың Facebook парақшасынан алынды

Жақсылық Үшкемпіров – алтын медаль иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Ол 2020 жылы 2 тамызда қайтыс болды.

Серіктестер жаңалықтары