Тікелей эфир

Ерейментауда итін зират маңына жерлеген азаматқа айыппұл салынады

Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласында өлген жануарларға арналған арнайы қорым бар екені белгілі болды.

Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғыны Гретта атты итін жақын маңдағы зират маңына арулап көмген. Оған арнайы қоршау жасап, суретін де қойдырған, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мұны көрген аудан тұрғындары ауылдастарының заңсыз әрекетін ұялы телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бұл жөнінде аудан әкімі Сапар Барлыбаев түсініктеме берді.

"Ешкімнен ешқандай рұқсат қағаз алған жоқ. "Зират басына қойды" деп жалған ақпарат тарап жатыр. Өзім барып көрдім, зираттан алыста тұр. Учаскелік полицияның көмегімен жерлеген адам табылды. Айыппұл салынып, ит алынып тасталады", – деді аудан әкімі.

Ерейментауда бір ғана ит жерленіп шу шығып жатқанда, Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласында өлген жануарларға арналған арнайы қорым бар екені белгілі болды. Жергілікті әкімдіктің айтуынша, қала сыртында ит пен мысығын жерлеуге ешкім рұқсат алмаған. Тіпті, жануарларды бұлай көму санитарлық талаптарға да сай келмейді.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Серіктестер жаңалықтары