Тікелей эфир

Франция қазақтарының "Әлем" қауымдастығы құрылды

Қауымдастықтың мақсаты – қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, Қазақстанмен байланысты нығайту.

Париж қаласында өтіп жатқан "Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайында" қазақтардың "Әлем" атты жаңа қауымдастығы құрылды, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Қауымдастықтың мақсаты – қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, атамекен Қазақстанмен байланыстарды нығайту.

Өткізіліп жатқан шараға "Әлем" қауымдастығының төрайымы Имашева Зульфат Гильзакри мен вице-президенті Майра Скакова қатысты. Қауымдастық басшысы Зульфат Имашова шетелге кетіп, есімдері ұмытылған қазақ жұлдыздарын халыққа таныту мен қайтадан жаңғырту – қауымдастықтың басым бағыттарының бірі болатынын айтты.


Оқи отырыңыз: Қиырдағы қазақтар. Тағдыр талқысында


 

Серіктестер жаңалықтары