Тікелей эфир

Кентауда қаланың әжелері дауыс берушілерге Наурыз көжеден дәм татырды

Қалада 35 сайлау учаскесі, жалпы 56 172 сайлаушы бар.

Кентау қалалық ардагерлер ұйымы жанынан құрылған "Әжелер алқасының" әжелері сайлау учаскесіне келіп, көпшілікті Наурыз мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әжелер сайлау учаскесіндегі бақылаушылар мен дауыс берушілерге ұлттық тағамдар – наурыз көже, бауырсақ, құрт-ірімшік үлестірді.

"Баршаңызды бүгінгі еліміз үшін маңызды сайлаудың бастау алуымен және Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Ел үшін қызмет ететін адамдарды таңдау – елдің жарқын болашағы. Сол себепті бұл күн маңызды, әрі еліміз үшін мереке. Елімізде тек жақсылықтар орнасын", – деп “Әжелер алқасының” төрайымы Роза Жұмабаева ақ батасын берді.

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Оқи отырыңыз: Қазақстанда мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау қалай өтіп жатыр? Live


Айта кетейік, Кентау қаласында 35 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Жалпы 56 172 сайлаушы дауыс береді деп күтіледі.

Серіктестер жаңалықтары