Тікелей эфир

Қазақ актриса Қытайда Feitian Award мемлекеттік сыйлығымен марапатталды

Бейжіңде өткен марапаттау рәсімінде Риза Әлімжанқызы қазақ тілінде сөз сөйледі.

Қытай еліндегі танымал қазақ актриса Риза Әлімжанқызы телевизия саласындағы Feitian Award (Flying Apsaras) мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бұл туралы The Paper ақпараттық агенттігі хабарлады. 

Feitian Award 1981 жылдан бері үздік өнер жұлдыздарына тапсырылады. Риза бұл марапатқа ие болған алғашқы қазақ қызы. Ол бұл марапатқа Minning Town телехикаясындағы үздік әйел ролі үшін ие болды. 

Бейжіңде өткен марапаттау рәсімінде ол қазақ тілінде сөз сөйлеп, өзінің бұл марапатқа ие болуы үлкен мәртебе екенін айтты. 

Риза Әлімжанқызы "Суайттар шайқасы", "Гаремдегі Чжуан Хуанның өмірі", "Махаббат па, оған мен дайын", "Махаббат бұйрықтан аса алмайды", "Біз ғана білетін мекен", "Шындық айтылмайтын аймақ", "Қарлы даладағы әйел патша", "Қуғындау" телефильмдері мен телехикаяларына түскен. Олардың ішінде "Қуғындау" филіміндегі рөлі үшін XX Шанхай халықаралық кино фестивалінде "БАҚ-тың назарын жиі аударған актриса" номинациясында марапатталса, "Чаңандағы бір тәулік" атты телефильміндегі рөлі үшін Қытайдың Huading байқауында ең "үздік актриса" атанған.


Оқи отырыңыз: 


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары