Тікелей эфир

Қазақстанда бензин мен дизельдің шекті бағалары бекітілді

Шекті баға 180 күнге енгізіліп отыр.

Қазақстанда бөлшек саудада сатылатын мұнай өнімдерінің тізбесі мен шекті бағалары бекітілді, деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігі.

Оған сәйкес, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы литріне 187 теңгені құрайды. Ал Қазақстанның басқа облыстарында баға бұрынғыша 182 тг/литр деңгейінде сақталады.

Сондай-ақ мұнай өнімдері тізбесінен Аи-95 маркалы бензиннің бағасын мемлекеттік реттеу алынып тасталды. Ол Аи-95+ және жоғары өнімдерді өндіру кезінде қымбат тұратын импорттық қоспалар мен бензиндердің жоғары октанды компоненттерінің үлкен шығыны талап етілетінімен байланысты

Дизель отынына шекті бағалар өзгермейді және Қазақстанның барлық өңірлерінде бұрынғы деңгейде қалып отыр: литріне 230 теңге.


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары