Тікелей эфир

Мәжіліс депутаты: "Алтын орда" базарын бизнес ортаға айналдыру сондағы жастардың әлеуметтенуіне көмектеседі

Елнұр Бейсенбаев өз өміріне деген жауапкершілікті сезінбейтін жастардың көбейгенін айтты.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға ерекше назар аудару керектігіне тоқталды.

"Жастар арасында адал еңбектің лайықты бағаланбауы, олардың ортасында қылмыстық топтармен байланысы бар азаматтардың көлеңкелі лидерге айналуына әкеліп соқтырды. Мұндай топтар әлеуметтік желілер арқылы өздерінің патша өмірлерін көрсетіп, талай жастарымыздың санасын бұзып келеді. Тіпті, кейбірі соларға қарап бой түзейтін болды", – деді мәжіліс депутаты.


Оқи отырыңыз: Гастербайтердің бір күндік айлығы – 50 доллар. Қазақ жастарының шетелге қара жұмысқа ағылуы жөн бе?


Оның айтуынша, көлеңкелі саудасы орасан, әділетсіз делдалдық жүйе қалыптастырған "Алтын орда" сияқты базарларды заманауи ашық бизнес ортаға айналдыру, сондағы жастардың сапалы әлеуметтенуіне шынайы септігін тигізеді.

"Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға ерекше назар аудару керек. Әсіресе, NEET санатындағы жастардың көбі кездейсоқ табыстың арқасында өмір сүреді. Осы ретте, 700 мың жұмыс орнын ашу, іс жүзінде орындалуы керек. Бұл бір. Екіншіден, жастарға арналған бағдарламалар, олардың тек 3%-ін қамтитындығын және бұл құжаттардың түпкілікті нәтижелері бюджет қаражатын игеруге көбірек бағытталғаны анықталуда. Оған қоса, жастардың көбі сол шаралар туралы білмейді", – деді Елнұр Бейсенбаев.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары