Тікелей эфир

Мемлекет басшысы жастар ипотекасының бюджетін арттыруды тапсырды

"Қарағанды жастары" бағдарламасымен биыл 75 несие берілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жасаған сапары барысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының бюджеті мен берілетін несие санын арттыруды тапсырды.

Өңірде "Қарағанды жастары" тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған болатын. Оған мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет, спорт және әлеуметтік сала қызметкерлері, журналистер және жоғары оқу орындарының оқытушылары қатыса алады. Биыл 75 несие берілген.

"Жастар бастапқы жарна ретінде баспана құнының 10 пайызын салып, 19 жылға ипотекалық несие алуына болады. Жылына 5 пайыздық өсіммен 20 миллион теңгеге дейін беріледі. Енді бағдарламаның бюджетін көбейтіп, жеңілдетілген несиенің санын арттыра түсу қажет. Бұл – жергілікті жас отбасыларды, жас мамандарды қолдауға арналған тиімді әдіс. Олар басқа аймақтарға көшпей, туған жерінде еңбек етуге жақсы мүмкіндік алады. Мұндай тәсілді өзге облыстар да қолдануы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оқи отырыңыз: Жастарға арналған бірыңғай тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді


 

Серіктестер жаңалықтары