Тікелей эфир

Мемлекет басшысы: Суперпрезиденттік басқару нысанынан бас тартамыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында Қазақстан дамуының саяси моделін қайта құрылымдау қажет екенін айтты.

"Әңгіме, ең алдымен, суперпрезиденттік басқару нысанынан күшті Парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу туралы болып отыр. Мұндай жүйе билік институттарының оңтайлы теңгерімін қамтамасыз етіп, елдің тұрақты дамуына ықпал етеді", – деді президент.


Оқи отырыңыз: Президент: "Самұрық-Қазына" қоры қайта құрылмаса, ел экономикасына ол қажет емес


Мемлекет басшысы алда Парламент рөлін күшейту міндеті тұрғанын атап өтті.

"Бұл халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан, тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай "Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет" қағидатын басшылыққа аламыз", – деді президент.


Оқи отырыңыз: Президент: Партияда қоғамдық-саяси орталардағы азаматтар сеніміне ие лидерлер аз 


Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында осы стратегиялық мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін бірқатар бастама ұсынатынын жеткізді.  

Еске салсақ, Тоқаев өзінің "Нұр Отанға" төрағалық етуінің орындылығы туралы мәселеге оралу керектігін айтты. 

Серіктестер жаңалықтары