Мемлекеттік арендаға алған пәтерді ипотекаға рәсімдеуге бола ма?

Алматыда арендалық үйді 2 450 азамат алса, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте олардың саны 3 мыңға жуық.

Алматыдағы "Ақкент" ықшамауданында 2 жыл бұрын сатып алу құқығынсыз пәтер жалдап тұру бағдарламасына ілінген жастар енді баспаналарын ипотекаға рәсімдеп алуға рұқсат беруін сұрап отыр. 400-дей отбасы пәтер кілті табысталған күні өздерінің үй кезегінен шығарылғанын айтып, енді бастапқы жарнаны жинау да мүмкін болмай отырғанын айтты, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

"Жасы 29-дан аспаған, айлығы 110 мың теңгеден кем болмауы керек" деген талапқа сай келіп, арендалық тұрғын үйге іліккен жастар үкіметтен тиімді, жеңілдетілген шартпен ипотекалық несие алуға және оны бастарындағы пәтерге рәсімдеп беруді сұрады. 

"Осы бес жыл аяқталған соң арендалық пәтерден баяғыша жалдамалы үйге барамыз. Қазір үйдің бағасы өсіп кетті ғой, бәрібір 80-90 мың теңге, тіпті 100-150 мың теңге төлейміз. Мен сол төлейтін ақшамызды осы үйімізді әрі қарай сатып алу ипотекаға ай сайын төлегенімізді қалаймын", – дейді Алматы қаласының тұрғыны Ақбота Елемесова. 


Оқи отырыңыз: Қазақстан құрылысшылар одағы: Биыл тұрғын үй бағасы 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін


Алматы әкімдігінің мәліметінше, арендалық үйді қалада 2 450 азамат алған. Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте 3 мыңға жуық жасқа арзан арендалық пәтер берілген. 

"Жастардың өтінішіне орай, министрлік қазіргі таңда басқа да мемлекеттік органдармен пысықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәселені біз жан-жақты талқылап, бір ай көлемінде тиісті нақты жауабын береміз", – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басқарма басшысы Асхат Ерғабылов. 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары