Тікелей эфир

Наурыз мерекесіне орай Димаштың бейнебаяны Мексика метросында көрсетіледі

Акцияны Димаштың мексикалық жанкүйерлері ұйымдастырған.

27 ақпан мен 5 наурыз аралығында Мексика метросының 576 медиафасадында сағат сайын Димаш Құдайбергеннің Kieli meken әнін орындаған видеосы көрсетіледі. Бұл туралы әншінің сайты хабарлады.

Акцияны Димаштың мексикалық жанкүйерлері Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған.


Оқи отырыңыз: Димаш Құдайбергеннің Алматыдағы концерті қалай өтті? Фоторепортаж


“Dimash Qudaibergen Méxicoficial” фан-клубы осыған дейін де Мехикодағы метро медиафасадында Димаштың қойылымдарын қоюға атсалысқан болатын.

Мехико қаласындағы негізгі көлік құралдарының бірі саналатын метрода Димаш Құдайбергеннің видеосын 3 миллионға жуық адам тамашалауы мүмкін. 

Серіктестер жаңалықтары