Тікелей эфир

Президент: Көрікті жерлерге барып демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында туризм мәселесіне тоқталып, қарапайым азаматтар үшін демалыс орындарының қолжетімсіз екенін атап өтті. 

"Тағы бір маңызды мәселе. Үкімет және Парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ, сол жерлерге барып, демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет. Кәсіпкерлер туризмнің болашағы зор екенін көруі керек. Сол үшін қажетті жағдайды жасаған жөн. Осы салаға салынған жеке инвестицияның көлемі, іштен және сырттан келген туристердің саны неғұрлым көп болса, жұмыстың нәтижесі де соғұрлым тиімді болмақ", – деді президент. 


Оқи отырыңыз: 


 

Серіктестер жаңалықтары