Тікелей эфир

Президент жанынан құрылатын уәкіл институты қандастар мен көп балалы аналардың құқығын қорғайды

Уәкіл институты қорғайтын адамдардың 10 санаты айқындалған.

Қазақстанда халықтың әлеуметтік осал санатының құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құрылады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысы жобасында жазылған.

"Уәкілдің негізгі мақсаттары осы жарлыққа қосымшада көрсетілген халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттарымен өзара іс-қимылда олардың құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру болып табылады деп белгіленсін", – деп жазылған қаулыда.


Оқи отырыңыз: Қандастарға мемлекеттен қандай көмектер беріледі?


Уәкіл институты қорғайтын адамдардың 10 санаты айқындалған:

  1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  2. жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
  3. басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
  4. мүгедектігі бар адамдар;
  5. мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  6. атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
  7. асыраушысынан айрылу бойынша жәрдемақы алушылар;
  8. жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
  9. қандастар;
  10. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар жатады.

Оқи отырыңыз: Көпбалалы отбасыларға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі және шарттары қандай?


Қаулы жобасы 27 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған.

Серіктестер жаңалықтары