Тікелей эфир

Қаламгер: Балалар жылы балалар өлімі көбейді

Жыл ішінде балаларға жасалып жатқан жақсылықтардан гөрі жас ұрпақтың проблемалары, трагедиясы көп көрініс тапқан.

Ақын Серікбол Хасан Aiqyn басылымына берген сұхбатында балалардың мәселелері балалар жылы қаншалықты шешілгені туралы пікір білдірді.

Қаламгердің айтуынша, президент 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, биыл өскелең ұрпақтың, әсіресе әлеуметтік мәселе­леріне мән берілетінін айтқан. Алайда биыл көп дүние керісінше болған.

"Өйткені бұрын балалардың әртүрлі үйірмесіне мемлекет тарапы­нан қолдау көрсетіліп келсе, осы жылы керісінше көптеген үйірме жабылды. БАҚ беттерінде балалар өліміне қатысты ақпарат көбейді. Балаларға жасалып жатқан жақсылықтардың насихатынан гөрі жас ұрпақтың проблемалары, трагедиясы көп көрініс тапты. "Қазақстан халқына" қоры құрылып, ол мүгедектігі бар, науқас балаларға көмек көрсетеді делінді, оның да есебі көзге көрінген жоқ", – деді Серікбол Хасан.


Оқи отырыңыз: "Бала үшке толғанша анасы қасында болуы керек". Декрет демалысын ерте үзу неге дұрыс емес?


Сондай-ақ, ол балалар әдебиетінде де айтарлықтай жаңалық болмағанын айтты. Қаламгердің сөзінше, саладағы жалғыз жаңалық – Астанадағы Жетісу саябағында "Менің атым Қожа" шығармасының кейіпкері – Қожаға ескерткіш қойылуы ғана болған.

"Бұл – балалар әдебиетіне, қазақ киносына деген құрмет. Бұдан басқа, балалар әдебиетінде де айтарлықтай жаңалық болған жоқ. Бірнеше байқауда "Балалар әдебиеті" аталымы қарастырылды, әйтсе де, байқаулар балалар әдебиетін дамытады деген сөз емес. Мәселен, осындай байқауларға балалар жазушысы еместер де қатысып жатқанын көрдік. Ақын-жазушылар конкурсқа қатысып қана қоймай, балаларға арналған шығармалар жазса екен деген тілек бар", – деді Серікбол Хасан.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары