Тікелей эфир

Қаллеки театры Алматыға гастрольдік сапармен келеді

Қойылымдар М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында сахналанады.

2023 жылғы 2-8 мамыр аралығында Алматы қаласында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының гастрольдік сапары өтеді.     

Гастрольдік сапар аясында Қаллеки театрының репертуарындағы үздік қойылымдар сахналанады. Олар:

  • Таласбек Әсемқұловтың "Құнанбай" драмасы (режиссері – Б.Ұзақов);
  • Мұхтар Әуезовтің "Айман-Шолпан" музыкалық комедиясы (Режиссері – О.Жақыпбек, Ш.Мұстафина);
  • Оралхан Бөкейдің "Ұйқым келмейді" драмасы (режиссері – Б.Сұлтанғазы);
  • Халифа Алтай, Хасен Оралтайдың "Алтайдан ауған ел" қойылымы (режиссері – Ф.Молдағали);
  • А.Менчеллдің "Сен маған керексің" трагикомедиясы (режиссері – Ұ.Қарыпбаев);
  • Н.Гәнжәуидің "Ләйлі-Мәжнүн" поэмасы (Б.Абдураззаков);
  • Ғабит Мүсіреповтің "Баян Сұлу – Қозы Көрпеш" музыкалық драмасы (режиссері – Г.Балпейісова);
  • Серік Тұрғынбекұлының "Шәмші" элегиясы (режиссері – Б.Ұзақов);
  • Роза Мұқанованың "Бопай ханым" тарихи трагедиясы (режиссері – Ж.Жұманбай).
"Шәмші" спектаклі / Фото: Қаллеки театрының баспасөз қызметі

Қойылымдар М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында сахналанады. Қаллеки тетарының Алматыдағы гастрольдік қойылымдар кестесі: 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары