Тікелей эфир

Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Ол бұған дейін Президенттің көмекшісі болып қызмет атқарған болатын.

Алматы облысының әкімі болып Қанат Бозымбаев тағайындалды, деп хабарлады Ақорда сайты

Қанат Бозымбаев 1969 жылдың 8 қаңтар күні Алматы қаласында туған. Білімі: 1993 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі.

Еңбек жолын 1993 жылы жекеменшік компанияның экономисі болып бастаған. 1994 жылы – Алматы қаласы әкімінің көмекшісі. 1997 жылы – Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, "Мұнайды тасымалдау жөніндегі "ҚазТрансОйл" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.

1998 жылдың тамызынан – Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы. 2000 жылдың наурызынан – Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі. 2001 жылдың қаңтарынан – "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті. 2001 жылдың мамырынан – "KEGOC" ашық акционерлік қоғамының президенті. 2003 жылдың наурызынан – Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы.

2007 жылдың тамызынан – "Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі" АҚ басқармасының төрағасы. 2009 жылғы 30 қараша – Жамбыл облысының әкімі. 2013 жылдың желтоқсаны – Павлодар облысының әкімі. 2016 жылдың 25 наурызынан бастап – Қазақстан энергетика министрі. 2019 жылдың 18 желтоқсанынан – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2020 жылдың 1 қаңтарынан – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Серіктестер жаңалықтары