Қандай жағдайда онлайн аударымдарға салық салынады?

2025 жылы жеке тұлғалардың жасаған мобильді аударымдарының есебін банк салық мекемесіне жібереді.

Бұдан былай бір адамның шотына жүз немесе одан да көп әр түрлі жеке тұлғадан соңғы үш айдың ішінде ақша аударымдары түссе, онда банк тарапы бұл азаматтың деректерін кірістер комитетіне жіберуге міндетті, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қаржы министрлігі мұны жеке тұлғалар мен кәсіпкерлікпен айналысатын іскерлерді ажырату үшін жасап отыр. Айта кетейік, банктер бұл мәліметтерді жалпыға бірдей декларация мерзіміне сәйкес жібереді. Былтырдан бері бұл декларацияға мемлекеттік қызметкерлер енген болатын.

Келесі жылы кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың басшылары мен жұбайлары, ал 2025 жылы барлық санаттағы жеке тұлғалардың жасаған мобильді аударымдарының есебін банк салық мекемесіне жібереді.

"Мемлекеттік кірістер органы осындай ақпаратты алғаннан кейін алдымен хат жібереді бұндай жеке тұлғаға және осы аударымдардың қаншалықты, қандай себептермен түсіп отырғаны жөнінде ұсынады. Жеке тұлға егер ондай негізі болмаса кәсіпкер ретінде тіркелуге тура келеді", – деді Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева.


Оқи отырыңыз: 


 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары