Тікелей эфир

Алтынемел ұлттық паркінде қар барысы тағы да фототұзаққа ілікті

Бұл жолы аналық барыс пен оның алдыңғы жылы туған екі аланы байқалды. 

Қызыл кітапқа енген жыртқыш тағы бір рет фототұзаққа ілікті. Мұның алдында қар барысы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде фототұзаққа түсті. Бұл жолы тұтас бір отбасы – ұрғашы барыс пен оның алдыңғы жылы туған екі аланы байқалды. 

Қазір парк аумағында БҰҰДБ қар барысын сақтау жөніндегі жобасы іске асып жатыр. Жоба аясында мамандар ұлттық парк ішіне бірнеше фототұзақ орнатты. 

Ғалымдардың айтуынша, барыстың бұл аумақта пайда болуына негізгі екі себеп бар:

  • 2017 жылы бұл жыртқыштардың негізгі қорегі – Сібір тауешкісінің пайда болуы;
  • трофейлік аңшылыққа шектеу қою. 

Оқи отырыңыз: Қар барысы қолға үйретіледі. Жоғалу қаупі бар жыртқышты сақтау үшін тағы қандай шаралар қолға алынды?


Мамандар ұлттық парктің күзет аймағына, сондай-ақ, Жоғарғы Көксу қаумалы мен Орықты, Түлкілі, Қояндытау, Тоқсанбай, Атыжоқ, Дулантау, Ортатау тауларына тездетіп экологиялық дәліз құруды ұсынады. Бұл ұлттық паркте қар барысынан өзге де Қызыл кітапқа енген жануарларды сақтауға көмектеседі. 

Алтынемел тау сілеміндегі қар барысы популяциясының сақталуына ғана емес, арқар, Түркістан сілеусіні, сабаншы, Тянь-Шань қоңыр аюы, тас сусары сияқты сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлардың көбеюіне ықпал етеді.

Серіктестер жаңалықтары