Тікелей эфир

Қарызы бар адамдардың қаржылық сауатын арттыратын жоба іске қосылды. Оған қалай қатысуға болады?

Фото: Amanatpartiasy.kz
Фото: Amanatpartiasy.kz
Жоба 2 мамырда басталып, жыл соңына дейін жалғасады.

"AMANAT" партиясы қаржылық сауат ашуға арналған "Қарызсыз қоғам" жобасын іске қосты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жоба аясында ауылдық елді мекендердің 80 мыңға жуық тұрғынын қамту жоспарланып отыр.  Курс 2 мамырда басталып, жыл соңына дейін жалғасады.

"Қарызсыз қоғам" жобасы 8 өңірде жүзеге асады. Атап айтқанда, Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындары қатыса алады.


Оқи отырыңыз: Қарызын 3 айдан астам кешіктірген жеке тұлғаларға несие беру шектеледі


Жоба негізінен несиесі бар және борышкерлер тізіміндегі, мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқ, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кәсіп ашқан кәсіпкерлерге арналған. Қатысушылар өз қаржысын тиімді басқаруды және шығындарды есептеуді, несиелік қарыздар санын азайту жолдарын, алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға болатынын үйренеді.

Қатысу шарттары туралы толық ақпарат жуырда жарияланады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары