Тікелей эфир

Қазақстан неге балық пен ет өнімдерінің импортына тәуелді?

Қазақстанда 2021 жылы азық-түлік өндірісі бар болғаны 2% артқан.

2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында елде 2,2 трлн теңгеге азық-түлік өндірілді. Қаржы жағынан алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,9% көп. Ал сектордағы нақты өсім небәрі 1,9%-ды құрады, деп хабарлайды energyprom.kz сайты. 

Қаржылай өндіріс көлемі бойынша үш өңір алда келеді: Алматы облысы – 331,3 млрд теңге, бір жылда 17,8% өскен. Сондай-ақ, алғашқы үштікке Қостанай облысы мен Алматы қаласы кіреді.

Сектордағы барлық өндірістің 18,4%-ы тартылған ұн мен жарма және крахмал өнімдері саласына (408,8 млрд тг) тиесілі. Сүт өнімдерінің үлесі де осыған ұқсас (408,4 млрд тг). Сондай-ақ, ет өнімдері – 16,5%-ды (366 млрд тг), нан, макарон және кондитерлік өнімдер – 11,2%-ды (249,3 млрд тг) құрады. Өсімдік және жануар майының үлесі де осыған ұқсас (248 млрд тг).

  • қант өндірісі – 58%, 276,9 мың тонна;
  • ірімшік пен сүзбе – 13,4%, 37 мың тонна;
  • құс еті – 9,7%, 110,3 мың тоннаға дейін өсті.

Оқи отырыңыз: Экономист: Халықтың табыс деңгейі Африка елдерімен пара-пар


Керісінше өндірісі азайғандар:

  • балық өнімдері мен уылдырық – 51%, 13,4 мың тонна;
  • шикі балық –  34%, 40,3 мың тонна;
  • ұн – 6,9%, 3,1 млн тонна,
  • өсімдік майы – 2,9%, 450,6 мың тоннаға дейін.

2021 жылдың қаңтар-қараша айларында отандық өндірушілер ет және құс өнімдерімен елді толық қамтамасыз ете алмады – 86,1%. Сүт және қаймақ – 96,2%, күріш – 97,8%, ұн – 99,5%. Сондай-ақ:

  • өсімдік майы – 75,9%;
  • қант – 41,7%;
  • балық – 52,8%;
  • ірімшік пен сүзбе – 54%;
  • шұжықпен 55,9% қамтыды.

Жоғарыдағы өнімдер бойынша Қазақстан импортқа тәуелді.

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары