Тікелей эфир

Қазақстан құрамасы биатлон мен триатлоннан әлем чемпионатында 22 медаль жеңіп алды

Бұл – Қазақстан құрамасының 2017 жылдан бергі ең үздік нәтижесі.

24-30 тамыз аралығында Германияның Вейден қаласында биатлоннан және триатлоннан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 21 медаль (4 алтын, 9 күміс, 8 қола) жеңіп алды.

Биатл мен триатл спорт түрі қазіргі бессайысты танымал ету, спорттың бұқаралығы мен қолжетімділігін арттыру үшін құрылған. Жарыстар су қоймасының немесе теңіздің жағасында ашық жерде өткізіледі және жүгіру, жүзу және ату сияқты спорт түрлерін қамтиды.

"Ауа-райы қолайсыз болса да биатлоннан және триатлоннан әлем чемпионаты жақсы өтті. Ерлер санатында бұрын медаль алмаған едік. Бұл чемпионатта 4 алтын, 9 күміс, 8 қола алып рекордтық нәтижемізге қол жеткіздік. Халықаралық федерация президенті Клаус Шорман  спортшыларымызды ерекше атап өтіп, құраманың қауқарын мықты деп бағалады", – деді Биатл және триатл құрамасының бас бапкері Юрий Соловьев.

Қазақстан делегациясында 14 адам бар. Спортшылар: Темірлан Теміров, Аян Бейсенбаев, Мейірлан Ысқақов, Мурат Жәкен, Максим Шмулич, Рашит Романчук, Никита Дубинцкий, Ілияс Әлиев, Юлиана Петрова, Ангелина Редченко, Анатолий Голубь және Анастасия Захарова. Жаттықтырушылар – Сергей Пихидько мен Юрий Соловьев. 12 спортшы жекелей сында және эстафета-микс бойынша бақ сынады. 

Сапар "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ бас серіктесі және Туризм мен спорт индустриясын қолдау қорының қолдауымен жүзеге асырылды.

Серіктестер жаңалықтары