Тікелей эфир

"Қазақстан халқына" қоры Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмғандардың отбасына 7 млн теңгеден береді

Ауыр жарақат алған азаматтардың отбасылары 3 млн теңгеден алады.

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесі Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған және ауыр жарақат алған әскери қызметшілердің отбасыларына, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне берілетін материалдық көмек мөлшері туралы шешім қабылдады. Бұл шешім кездейсоқ құрбан болған азаматтардың, қаза тапқан және жараланған балалардың отбасыларына да қатысты, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған келесі азаматтардың отбасы 7 миллион теңгеден алады:

  • әскери қызметшілер;
  • ішкі істер органдары қызметкерлері;
  • ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері;
  • азаматтық тұлғаның отбасы.

Оқи отырыңыз:


Ауыр жарақат алған келесі азаматтардың отбасына 3 миллион теңгеден беріледі:

  • ауыр жарақат алған әскери қызметшілер;
  • ішкі істер органдары қызметкерлері;
  • ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері;
  • жараланған балалар.

Қор қазіргі сәтте Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған кәмелетке толмаған балалары бар азаматтық тұлғаларға қосымша қайырымдылық көмек көрсету мәселесі бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, қордың баспасөз қызметі қорғаныс және ішкі істер министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті, республикалық ұланнан 21 адамның қаза тапқаны және 94 адам ауыр жараланғаны туралы ақпарат келіп түскенін хабарлады.

Еске салсақ, Қаңтар оқиғасы кезінде қамалғандардың алтауы уақытша ұстау изоляторында көз жұмғаны туралы хабарлаған едік. Прокуратура тергеу барысында тыйым салынған әдіс-тәсілдерді пайдалану фактілерін зерттеп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары