Тікелей эфир

Қазақстанда бірқатар валюта айырбастау пункті доллар сатылымын тоқтатты

Алматыда доллар 466 теңгеден, ал еуро 520 теңгеден сатылып жатыр. 

Әлеуметтік желіде астана мен Алматының валюта айырбастау пунктілерінің жұмысын тоқтатқаны туралы ақпарат тарады. Олардың неге жұмыс істемей тұрғанын валюта айырбастау пунктілері қауымдастығының президенті Аршын Ғалымбаев түсіндірді. 

"Көптеген пунктіде сауда жасауға мүмкіндік бар. Бірақ олар бар болғаны курстың қай деңгейде тоқтайтынын түсінбей тұр. Сағат 11.30 кезінде Қазақстан қор биржасы ашылғалы бір де бір бағалы ұсыныс болмады. Барлығы сатып алу үшін келеді, ал заңды тұлғалардың ешқайсысы сатқан емес, – деді қауымдастық басшысы. 


Оқи отырыңыз: Курс доллара вырос на KASE на 15 тенге


Десе де, ұлттық теңгенің долларға қатысты курсы 442 теңгеден 459 теңгеге құлдырағанына қарамастан, биржада 16,6 млн долларға валюта мәмілесі жасалды. 

"Банктер айырбастау пунктілерімен жаппай сатылым жүргізбеді. Сол себепті айырбастау пунктілері долларды қаншадан сатарын білмей отыр. Егер айырбастау пунктінде доллар болса, онда оны сатуға міндетті және солай жасайды. Алматы мен астанада жағдай бірдей, көптеген айырбастау пунктінде ақша бар", – деді Ғалымбаев. 

Сондай-ақ, ол ұлттық банк биржадағы сатылымға белсенді араласып жатқан жоқ деген болжам жасады. Десе де, қазір Алматыда долларды 466 теңгеден, ал еуроны 520 теңгеден сатып жатыр. 

Еске салсақ, Brent мұнайының баррелінің бағасы 100 долларға жеткені туралы хабарлаған едік. Мұнай бағасы Ресей-Украина шиеленісіне байланысты өсіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары