Тікелей эфир

Қазақстанда екі Telegram арна БАҚ ретінде тіркелді

Олар – "БЕСсимптомно" және Abzhan News арналары.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров журналист Асхат Садырбайға берген сұхбатында хабарлады. 

"Соңғы 20-25 жылда медиа саласы қатты өзгерді. Кез келген адам мессенджер мен әлеуметтік желі арқылы ақпарат таратушы бола алады. Осы бағытта да адамның таратылған ақпарат үшін жауапкершілігі болуы керек. Негізі оны көбісі түсініп жатыр", – деді Асқар Омаров.

Министр Тelegram арналардың да БАҚ ретінде тіркеліп, жауапкершілік алып жатқанына тоқталды.


Оқи отырыңыз: Вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды


"Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ ретінде екі Тelegram арнаны тіркеді. Біріншісі – "БЕСсимптомно", екіншісі – Abzhan News. Екеуінің де иесі – журналистер, Тelegram желісінде өз каналдарын жүргізеді. Бұл журналистер ресми БАҚ ретінде тіркелсе, өз жолында жауапкершілік болатынын түсініп тұр. Бірақ, барлығы заңға сәйкес болуы керек", – деп қосты Асқар Омаров.

Серіктестер жаңалықтары